USD
USD
USD

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың Ұлттық банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынған жағдайлар жиілеп кеткенін жеткізді.

Б
Фото: Ұлттық банк

Алматы, NEGE. Ұлттық банктің атынан байланысқа шыққанда олар азаматтарға «кредиттік шоты» барын немесе кредит қарызын өтеу керек екенін хабарлап, жалған хат жібереді.

Сенімге кіру үшін жалған құжаттарға Ұлттық банктің "уәкілетті тұлғасы" қойған қолын, аты-жөні мен мөрін басады. Қаскөйлер мұндай жалған мәліметтерді азаматтарға ақша аудартып, қаражатын ұрлау үшін де ұсынады.

Сондай-ақ, олар Ұлттық банк қызметкерінің бет-бейнесін қолдана отырып, жалған бейнероликтер жасау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Бұл ретте алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған инвестициялық компаниялар туралы және ұрланған ақшаларды қайтару жөнінде тегін заңгерлік көмек көрсетеміз деп жарнама орналастырып жүр.

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтарды қырағы болуға, күмәнді шоттарға ақша жібермеуге, дәйексіз хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтарға кредит берумен айналыспайтынын, заңгерлік қызмет көрсетпейтінін, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізбейтінін еске саламыз.

Қазақстан Ұлттық банкі үшінші тұлғалар тарапынан жасалатын алаяқтық әрекеттерге жол бермес үшін мемлекеттік органдардың немесе Ұлттық банк қызметкерлерінің атынан бейтаныс адам қоңырау шалған кезде әңгімені тоқтатып, қажет болған жағдайда мемлекеттік органның ресми нөміріне өз бетінше хабарласуды ұсынады.

Алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарласу керек.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс