USD
USD
USD

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық пункт дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. 

базалық мөлшерлеме
Фото: ҚР Ұлттық банкі

Астана, NEGE. Ведомства мәліметінше, жылдық инфляция қазанда 12,6% болды (қыркүйекте – 12,9%).

Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 13,5%-ға (12,7%) және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11%-ға (10,8%) дейін қарқын алды. Қосымша әсерге тарифтік реформаның және жанар-жағармай нарығын ырықтандыру әсерінің бағалар мен инфляциялық күтулерге таралуы қосымша әсер еткен. 

Халықтың инфляциялық күтулері қазанда қыркүйектегі 13,2%-ға қарағанда 13,6%-ға дейін өсті. Мұндай жоғары инфляциялық күтулер дезинфляция қарқынын шектеп, бағалардың шығын мен сұраныстың өзгеруіне тәуелділігін күшейтеді.

Инфляцияның 2025 және 2026 жылдарға болжамы қайта қаралды. 2025 жылы инфляция 12,0-13,0%, 2026 жылы 9,5-12,5% шегінде күтіледі. 2027 жылдың қорытындысы бойынша ол 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды деп күтіледі. Болжамды түзету биылғы инфляцияның іс жүзіндегі мәні болжамды мәндерден едәуір асып кетуіне және инфляциялық күтулердің жоғары динамикасына негізделеді, – делінген банк хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомства 2025 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 6,0-6,5%-ға дейін жақсаратынын айтты.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева