USD
USD
USD

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты қабылданған шешімді жариялады.

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банк

Астана, NEGE. Орталық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған.

«Инфляциялық үдерістердің серпіні және тәуекелдер теңгерімі Ұлттық банктің болжамы мен бағалауына сай қалыптасып отыр. Бұл ретте сыртқы сын-қатерлер, салық жүйесіндегі өзгерістердің ықпалы қаншалықты болатынына қатысты белгісіздік, сондай-ақ осы жылғы екінші тоқсаннан бастап ТКҚ тарифтері мен ЖЖМ бағасының қайта өсу параметрлері базалық мөлшерлемені белгілеуде байыпты әрі сақ ұстанымды қажет етеді», – делінген ресми ақпаратта.

Банк өкілдері осыған байланысты базалық мөлшерлеменің 2026 жылғы бірінші жартыжылдық соңына дейін қазіргі деңгейде сақталу ықтималдығы жоғары екенін атап өткен.

Ұлттық банктің мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 6 наурызда жарияланады. 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты