USD
USD
USD

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банк

Астана, NEGE. Базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция қарқынының баяулауы аясында қабылданды: жылдық инфляция биылғы тамызда 9,8% болды.

Ұлттық банк инфляцияның 2026 жылға арналған болжамын өзгертпеген: 9-11% аралығында болады деп күтіліп отыр. Алайда 2027 жылға жасалған болжам нашарлаған. Бұған дейін келер жылы инфляция 5,5-7,5% аралығында болады деп болжанған еді, соңғы болжамда бұл көрсеткіш 6,5-8,5%-ға дейін көтерілген.

«Бұл сыртқы инфляцияның өсуіне, реттелетін бағалар алғышартының қайта қаралуына, сондай-ақ фискалдық серпіннің ұлғаюына негізделген. Бұл ретте ақша-кредит саясатының ұзақ уақыт бойы қатаң сақталуы инфляциялық қысымды шектей түсіп, бағаның баяу өсуіне ықпал етеді», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Банк өкілдерінің болжамынша, 2028 жылы инфляция сыртқы инфляциялық жағдайдың қалыпқа келуіне, фискалдық шоғырлануға, ішкі сұраныстың орнығуына және бірқалыпты қатаң ақша-кредит шарттары аясында инфляциялық күтулердің бәсеңдеуіне байланысты 5%-дық нысанаға жақын тұрақталады.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған