Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті
Ұлттық банк бүгін, 23 қазанда базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75% деңгейінде белгілеу туралы шешімін жариялады.
Астана, NEGE. Орталық банк базалық мөлшерлемені төмендету шешімі инфляцияның баяулауына байланысты қабылданғанын хабарлады. Қыркүйекте жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді. Азық-түлік инфляциясы – 8,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы – 11%, ал қызметтер инфляциясы 8,9% болды.
Соған қарамастан, баға қысымы әлі де жоғары. Бұған ішкі сұраныстың сақталуы, инфляциялық күтулер, сондай-ақ энергия көздері мен азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі әсер етіп отыр.
Алдын ала деректер бойынша, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,2%-ға өсті. Экономикалық өсімге құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және көлік салалары үлес қосты.
Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімі 4 желтоқсанда сағат 12:00-де жарияланады.
Еске салсақ, қыркүйекте орталық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендеткен болатын.