USD
USD
USD

Ұлттық банк басшысы әзірге ипотека алмай тұра тұруға кеңес берді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды инфляция, базалық мөлшерлеме төмендегенге дейін несие немесе ипотека алуды кейінге қалдыруға  шақырды.

Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдері Сүлейменовтен ипотекалық несие алғысы келетін азаматтарға қандай кеңес беретінін сұрады.

Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің төрағасы ретінде жеке инвестиция немесе қаржы саласы бойынша кеңес беруді орынсыз санайтынын, дегенмен әзірге ипотека алуды кейінге шегере тұру қажеттігін атап өтті.

«Жалпы, қаржыгер, экономист ретінде айтар болсам, жоғары нарықтық мөлшерлемелер мерзімінде несие, ипотека алмай, кішкене кейінге шегере тұру қажет. Инфляция төмендеген сайын базалық мөлшерлеме де төмендейді. Сонымен бірге банктердің мөлшерлемелері төмендеп, ипотека қолжетімді болады. Сонда ғана болашаққа сеніммен қарап, ипотека алуға болады. Кішкене күту керек, инфляция, мөлшерлеме төмендесін», – дейді орталық банк басшысы.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырғаны мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев