USD
USD
USD

Ұлттар лигасы ойындары қашан басталады?

Футболдан 2020/21 жылғы кезеңдегі Ұлттар лигасы ойындары қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлады UEFA сайты.

Ұлттар лигасы ойындары қашан басталады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған дода қыркүйек-қараша айлары аралығында өткізіледі. Бірінші тур 3-5 қыркүйекте болса, екінші тур 6-8 қыркүйекте ойналады. Құрамалар 10-12 қазанда үшінші, 13-14 қазанда төртінші турда шеберлік байқасады. Ал бесінші тур 14-15, алтыншы тур 17-18 қарашада болады. Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы аталған турнирде С лигасының төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Албания, Беларусь және Литва құрамалары. Қазақстандық футболшылар 2018/19 Ұлттар лигасында Д лигасының бірінші тобында Грузия, Латвия және Андорра құрамаларымен шеберлік байқасты. Өз тобында Грузияны алға шығарып, екінші орынды місе тұтты. Бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы финалдық кезеңі қалай өткізілетіні хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.