USD
USD
USD

Ұлттар лигасы: Бүгін Қазақстан құрамасы Словенияға қарсы ойнайды

Бүгін Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Словенияға қарсы ойнайды, деп жазады Olympic.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Отандық футболшылар В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі.

Кездесу Астана уақытымен 23:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған ойында тас төреші Жоау Пиньейру міндетін атқарады.

Өз тарихында екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде кездесіп, екі ойында да қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Ұлттар лигасының алғашқы турында Қазақстан құрамасы Норвегиямен 0:0 есебімен тең түссе, Словения мен Австрия 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қазір бұл топтағы командалардың барлығында бір ұпайдан бар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті