Ультракүлгін сәуле мұрынның ішіне түспейді екен
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында медицина ғылымдарының докторы, ҚР жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева көпшіліктің көкейінде жүрген "Ультракүлгін сәуле вирусты жойып жібереді екен" деген түсініктің қаншалықты рас екеніне тоқталды.
Алматы, NEGE. «Жалпы, ультракүлгін сәуле патогенді вирусты да, бактерияларды да жояды. Жылулық әсерінің өзі адамдар үшін өте қолайды. Себебі, жаз мезгілінде халық бір кеңістікте отырмай, далаға шығады. Үйдің есік-терезелері ашылып, желдетіледі. Халық табиғат аясына демалуға шығады. Мұның бәрі жақсы. Тек 1 метр көлемінде арақашықтық сақтауды естен шығармаған жөн. Тағы бір мәселе, бұл вирус жоғары тыныс алу жолдарындағы клеткаларда өмір сүріп, көбейетінін білу керек. Ал, онда ультракүлгін сәуле түспейді. Мәселе осында жатыр. Біздің негізгі міндетіміз – вирусты таратпау. Вирустың таралуын арақашықтық сақтап, тиісті медициналық нормаларды орындау арқылы ғана тежей аламыз», - деді ол.
Қазір оқып жатыр
Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді
Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі
Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты
«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді