USD
USD
USD

Ұлтын сатқан адам: Депутат Әліби Жангелдин атындағы аудан мен көше атауларын өзгертуді сұрады

Бүгін Мәжіліс депутаттары елімізде көзге түрпідей тиетін өрескел бірқатар өзекті мәселені көтерді. Бірі еліміздегі көрігі қызып тұрған қан саудасы жайын қаузаса, тағы бірі Қостанай облысындағы Жангелдин ауданы атауын сөз етті, деп хабарлайды Еуразия арнасы.

Ұлтын сатқан адам: Депутат Әліби Жангелдин атындағы аудан мен көше атауларын өзгертуді сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Депутаттың айтуынша, Алашқа, яғни қазаққа күн көрсетпеген бұл тұлға есімі аудан атауында әлі күнге дейін тұруы басқа сымайды. Мәжілісмен Жангелдин ауданы ұлтын сатқан сатқынның атында тұр, бұл елге қиянат деп өз наразылығын білдірді. Сондай-ақ ауданның атын Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының атына беруді ұсынды. 

“Алаш көсемдері Ахмет пен Міржақыптың туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін сатып кеткен Николай Степнов болған Әліби Жангелдиннің атында болуы елге де, ерге де, және де ең алдымен әруаққа қиянат”, – дейді Қазыбек Иса. 

Қостанай облысына қарасты Жангелдин ауданы 1950 жылға дейін Торғай ауданы атанған. Орталығы – Торғай ауылы. 2019 жылғы санақ бойынша ауданда 12251 тұрғын бар. Қазыбек Исаның айтуынша, Жангелдин ауданының атын өзгерту туралы тұрғындардың өзі де президентке ашық хат жолдаған.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші