USD
USD
USD

Ұлтараздықты туғызған азамат сотталды

Рудный қаласының тұрғыны ұлтараздықты тудырғаны үшін сотталды.

Ұлтараздықты туғызған азамат сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанай облысында ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғыны сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, полиция әлеуметтік желі арқылы тараған видеоны тексерді. Рудный тұрғыны украиналық блогермен болған әңгіме барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, жерін қорлап, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер YouTube арнасынан аталмыш видеоны анықтап, шұғыл тексеріс жүргізді. Кейіннен Кирилл Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады. Рудный қалалық сотының үкімімен Рудный қаласының тұрғыны Б. ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотталды.

«Сотталушының кінәсі бейнежазба және арнайы сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот іс бойынша барлық мән-жайды ескере отырып, Божконы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ» делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов жұбайымен жанжалдан кейін әкімшілік жауапқа тартылды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль