USD
USD
USD

Ұлтаралық алауыздық тудырған азамат 3 жарым жылға сотталды

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

сот шешімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Чат рулетка» онлайн платформасында ұлтаралық алауыздық тудырды деген күдікке ілінген ақмолалық азамат 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.  

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғынына қатысты сот процесі ашық өткен. Ол 2024 жылдың жазында мас күйде платформаға кіріп, белгілі бір ұлттың өкілдеріне қатысты балағат сөздер айтып қорлаған. Прокуратура нақты қай ұлтқа қатысты балағат сөздер айтылғаны туралы нақтыламаған.

«Сараптама сөйлеуде ұлтаралық араздықпен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот айыпталушыны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Үкім заңды күшіне енген.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті