USD
USD
USD

Үлкен және Кіші Алматы өзендері бойында қар көшкіні жүруі мүмкін

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен және Кіші Алматы өзендері бойында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» ескертуі негізінде 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады.

«Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс. Егер тауда сізге көмек қажет болса 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 (ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалыңыз» деп ескертті департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana