USD
USD
USD

Үлкен Алматы өзенінде су деңгейі көтерілді (видео)

Қардың қарқынды еруі мен аптап ыстықтан Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейі көтерілді.

Үлкен Алматы өзенінде су деңгейі көтерілді (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Үлкен Алматы өзенінің 6 негізгі саласы бар, судың орташа шығыны – 4-6 м3/с. Алдағы күндері Алматыда ыстық ауа райы сақталады. Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі кешкі уақыттарда (сағат 18.00 - 00.00) болады. Осыған байланысты, Алматы ТЖД кешкі уақытта Үлкен Алматы өзенінің арнасына жақын жерде болмауға шақырады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ ТЖД Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі мореналық көлдердің еруіне байланысты емес екенін хабарлады

«Қазіргі уақытта көлдер қысқы режимнен шығып, мұзбен жабылған. Осыған байланысты қала халқы мен инфрақұрылымына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай Алматы қаласы ТЖД және «Қазселденқорғау» департаментінің тұрақты бақылауында», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік