USD
USD
USD

Үлкен Алматы айналма автожолымен жүру құны екі есе қымбаттайды

16 тамыздан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысы өседі.

тариф
Фото: instagram.com/bakad_official

Астана, NEGE. Көлік министрлігі бекіткен бұйрыққа сәйкес, жеңіл автокөліктер үшін тариф 0,07 АЕК-тен 0,14 АЕК-ке дейін (2026 жылы – 605,5 теңге) өседі.

Ал көлік құралдарының басқа санаттары үшін мынадай тарифтер белгіленеді:

  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,16 АЕК (692 теңге);
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,28 АЕК (1211 теңге);
  • 32 жолаушы орнынан көп автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,32 АЕК (1384 теңге);
  • Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,4 АЕК (1730 теңге);
  • Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері, оның ішінде тіркемелі жүк көліктері мен ершікті тартқыштар – 0,44 АЕК (1903 теңге).

Алматы облысының Талғар, Қарасай, Іле аудандарының елді мекендерінде тіркелген автокөлік құралдары үшін бір ай немесе бір жыл мерзімге белгіленген абоненттік төлем де қымбаттайды. Соның ішінде жеңіл автокөлік үшін бір айға арналған абонент 0,5 АЕК (2162 теңге) деп белгіленсе, бір жылға арналған төлем 5 АЕК (21 625 теңге) деп бекітілді.

Ал алдын ала төлем жасаған пайдаланушыларға тарифтің 50% мөлшерінде жеңілдік беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС