USD
USD
USD

Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды

Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы белгілі болды. 

Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды
Фото: NEGE.kz

Ю

Алматы, NEGE. Қазақстанның екінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцеваның Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жарыс 3-9 сәуір аралығында өтеді.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, қазіргі кезде рейтингте 1081-орында тұрған украиналық, WTA жарыстарының 16 дүркін жеңімпазы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Элина Свитолинамен ойнайды.

Белгілі теннисші Гаэль Монфиске күйеуге шығып, сәбилі болған Э.Свитолина кортқа қайта оралып отыр. Элинаның бабы қандай, оны алдағы ойын көрсетеді.

Чарльстонда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетпейді.

Онда америкалық Джессика Пегула бірінші ракетка болып тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Жібек Құламбаеваның Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе