USD
USD
USD

Ұлытау шахтасында жұмысшыны соққыға жыққандар ұсталды

Әлеуметтік желіде Ұлытаудағы шахталардың бірінде жұмысшыны ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалған.

Ұлытау шахтасында жұмысшыны соққыға жыққандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Base.kz белгісіз екі ер адам ғимараттың дәлізінде бір ер адамды ұрып-соғып жатқаны көрсетілген видео таратты. Таспаның  сипаттамасында оқиғаның Ұлытау өңіріндегі шахталардың бірінде болғаны айтылған.

Ұрып жатқандар Жезқазған қаласының ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері. Қара киімді жігіт кадр бөлімінің қызметкерін соққыға жықты. Ол бұлардың жұмысқа келмей-ақ жалақы алуына келіспей тұр. Сондықтан соққы жеді, - делінген видео сипаттамасында.

Полицейлер әлеуметтік желілерді бақылау кезінде аталған видеоға тап болғанын хабарлады.

Бұл жанжал Ұлытау ауданындағы шахталардың бірінің аумағында болғаны анықталды. Бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген ПД таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті