USD
USD
USD

Ұлытау облысының тәртіп сақшылары ұйымдасқан ұрыларды ұстады

17 ақпанда Ұлытау облысы Жезқазған қаласының ПБ-не 43 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгісіз біреудің пәтерге кіріп, бағалы заттарды - екі фотоаппарат, қораптағы гитараны ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады. Анықталғандай, ұры пәтерге балконның пластикалық есігін ашу арқылы кірген.

Ұлытау облысының тәртіп сақшылары ұйымдасқан ұрыларды ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19 ақпан күні Жезқазған қаласының ПБ-не тағы бір жәбірленуші жүгінген. Ол жерден құндыз тон, былғары күрте және әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 3,6 млн  теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады. Олар Сәтбаев қаласының 35 және 38 жастағы екі тұрғыны болып шықты.

ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер УҰИ-на қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен 17 жастағы тұрғын ұсталды

Полиция

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев