USD
USD
USD

Ұлытау облысында жылқы ұрлағандар ұсталды

Ұлытау облысының полицейлері шаруа қожалығынан 29 жылқы ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында жылқы ұрлағандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27 шілдеде Ұлытау облысы ПД Жаңаарқа полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның шаруа қожалықтарының бірінің қызметкерінен белгісіз тұлғалардың 29 жылқыны ұрлағаны туралы арыз келіп түсті. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар жылқыларды тасымалдау үшін тіркемесі бар жүк көлігін пайдаланған.

Жамбыл және Түркістан облыстарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде осы қылмысты жасағанын мойындаған 26 және 28 жастағы екі күдікті анықталып, ұсталды. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Түркістан облысы Қазығұрт ауданының елді мекендерінің бірінен ұрланған 7 жылқы мен автокөлік  тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Жезқазған қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.

Оларға қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana

Оңтүстікте субсидияға бөлінген 103 млн теңге жымқырылған: бір күдікті қамауға алынды

Ақша

Қазақстан мен Корея: өндіріс, технология және инвестицияға негізделген жаңа серіктестік

Руслан Изимов