USD
USD
USD

Ұлытау облысында кәсіпкерден 20 млн теңге талап еткен қылмыстық топ ұсталды

Ұлытау облысында кәсіпкерден 20 млн теңге талап еткен бопсалаушылар тобы сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында кәсіпкерден 20 млн теңге талап еткен қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 36 жастағы кәсіпкер арызданды. Оның айтуынша, белгісіз адамдар оны пәтерге алдап шақырып, күш көрсетіп ақша бопсалаған.

Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы және Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 43 және 27 жастағы ер адамдарды, сондай-ақ 31 жастағы әйелді ұстады.

Тергеу барысында олардың қылмыс жасаған кезде өзара рөлдерді бөліскені анықталды. Сонымен әйел кездейсоқ танысуды ұйымдастырып, жәбірленушіні серіктестері жасырынып отырған пәтерге шақырған. Пәтерде жасырынып отырған қалғандары маска мен қолғап киіп, жәбірленушіге шабуыл жасап, оны байлап, зорлық-зомбылық көрсетіп, одан 20 млн теңге талап етеді.

Жоспарларынан нәтиже шықпаған соң, бопсалаушылар жәбірленушінінің барсеткасынан 70 мың теңге алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен ер адамдар 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал әйел адам 7 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ