USD
USD
USD

Ұлытау облысының әкімі балалары буллинг көргенін айтты

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспек тұрғындардың бірі оны «негізсіз» жемқор деп атағаннан кейін балалары буллинг көргенін айтты.

Дастан Рыспек
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Жазда Дастан Рыспек TikTok-та Жезқазғандағы лас су, сынған жолдар мен ескі аурухана жайлы шағым айтқан көпбалалы ананы сотқа берген. Алайда, оның айтуынша, сотқа жүгінуіне себеп болған – сынның өзі емес, әйелдің оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптауы.

​«Мен сынға түсіністікпен қараймын. Жұмысыма қатысты айтылса, оны қабылдай аламын. Бірақ біреу мені жемқор деп айыптаса, ол менің абыройыма нұқсан келтіреді. Менің де жақындарым бар. Жезқазғанда мектепте оқитын балаларым бар. Өкінішке қарай, TikTok-тағы сол мәлімдемелерден кейін олар буллингке ұшырады. Жезқазғанда жұмыс істейтін анам бар, әріптестері де осы мәселені жиі айтып, оған қолайсыздық тудырған. Жалпы менің беделімe едәуір зиян келді.

Біз бірнеше рет ескертіп, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айттық. Бірақ ол тыңдамады, медиацияға да келіспеді. Сондықтан мен қажет деп санаған шешімді қабылдадым», – деді әкім Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Рыспектің айтуынша, ол әйелге медиативтік келісім жасауды ұсынып, өзін жемқор деп атағаны үшін кешірім сұрауын талап еткен. Бірақ азаматша бұған келіспеген. Әкімнің сөзінше, керісінше, ол кезектен тыс үш бөлмелі пәтер беруді, әлеуметтік төлемдерді көбейтуді және қосымша қаржылай көмек көрсетуді сұрапты-мыс.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский