USD
USD
USD

Ұлытау облысында жаңа полигон мен қалдықтарды қайта өңдеу цехы салынады

Ұлытау облысында қағаз, пластик және резеңке өңдеу цехын және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Дастан Рысбеков мәлімдеді.

қоқыс
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Оның айтуынша, жалпы құны 840 млн теңге болатын жобаны жеке инвестор жүзеге асыруға ниетті. Ол өз қаражатынан 134 млн теңге бөледі және Өнеркәсіпті дамыту қоры мақұлдаған лизингтік қаржыландыру шеңберінде 705 млн теңге тартады.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін облыс басшылығы ауданы 16 га жер телімін бөлді. Сондай-ақ суды пайдалануға және электрмен жабдықтауға арналған техникалық шарттар берілді.

Жаңа кешен жылына 50 мың тоннаға дейін қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарата алады деп болжанды. Бұл өңірдегі экологиялық жағдайды едәуір жақсартады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Ғаламат жұт шежіресі» еңбегінің авторын І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Валерий Михайлов

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

Қазақстан құрамасы

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау