USD
USD
USD

Ұлытау облысында заңсыз өндірілген марганец кені шетелге 1 млрд теңгеге сатылған

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіріп, оны өңдеумен айналысқан топтың әшкереленгенін хабарлады. Тергеу мәліметінше, шекаралас мемлекеттерге құны 1 млрд теңгеден асатын 23 мың тоннадан астам өнім жөнелтілген.

марганец кені
Фото: Видеодан кадр/ҚМА

Астана, NEGE. ҚМА ақпараты бойынша, күдіктілер заңсыз әрекетін жасыру үшін пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқандай кейіп танытқан. Оқиға орнында ауыр карьер техникасы мен ұсату-жуу жабдықтары қолданылған толыққанды тау-кен байыту кешені жұмыс істеген.

Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Шикізатты жүйелі түрде тиеп-жөнелту үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған.

Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келген. Мамандар бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады деп бағалап отыр.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер