USD
USD
USD

Ұлытау облысында терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі).

Сот үкімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.

Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, кәсіби біліктілігін танытып, мемлекеттік айыптауды толық қолдады.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жылмерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт