USD
USD
USD

Ұлытау облысында марганец кені заңсыз өндіріліп, шетелге сатылған

Бас прокуратура Ұлытау облысында 4,8 млрд теңгеге марганец кенін заңсыз өндіру схемасы әшкереленіп, 50 жастағы айыпталушыға сот үкімі шыққанын хабарлады.

Кен өндірісі
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны 2020–2023 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалануға лицензиясы мен келісімшарты болмағанына қарамастан «Шығыс Қаражал» кен орнында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған.

«Ол қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған мәмілелер жасасу арқылы пайдалы қазбаларды сатудан түскен қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастырған.

Осы кезеңде 16 мың тоннадан астам кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 млрд теңгеден астам залал келтірілген», – делінген хабарламада.

Айыпталушы өңделген темір-марганец кенін ел ішінде және шетелге сату арқылы 3,5 млрд теңгеден астам пайда тапқан.

Ұлытау облысы сотының үкімімен кінәлі адам 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан және жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды. 

«Мемлекет кірісіне 4,8 млрд теңге өндіріліп, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған 3 жеңіл және 2 жүк автокөлігі тәркіленді», – деп хабарлады Бас прокуратура.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский