USD
USD
USD

Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Есет Байкен
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман болып бастаған.

Әр жылдары Президент Әкімшілігінде сарапшы, мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарған, сондай-ақ Қарағанды облысы Нұра ауданын, Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратын басқарған. 

2022 жылдан осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы