Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ төрағалыққа кандидатурасын ұсынудан бас тартты
Алматыда Қазақстан Жазушыларының кезекті ХVІ Құрылтайы өтіп жатыр.
Алматы, NEGE. Әуелгі сөзді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, өткен бес жыл ішінде одақ төрағасының атқарған шаруасына оң баға берді. Министр Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан Жазушылар одағының ХVІ құрылтайына қатысушыларға жолдауын рқып берді.

"Жазушылар одағы – қазақ руханиятының қара шаңырағы, ұлт зиялыларының басын қосқан бірегей құрылым. Шын мәнінде, қазіргі заманғы қазақ әдебиеті мен қаламгерлеріміздің қасиетті ордасын бөле-жара қарау мүмкін емес. Ғасырға жуық тарихы бар ұйымда төл мәдениетіміздің дамуына ерекше еңбек сіңірген біртуар тұлғаларымыздың ізі қалған. Әдебиет – ұлттың айнасы. Қалам – киелі құндылық. Сөз құдыреті халықты ыдырата да, біріктіре де алады. Біз қазіргі жаһандану дәуірінде өзге өркениеттерге жұтылып кетпей, егемен ел әрі дербес ұлт ретінде сақталудың қамын ойлауымыз керек", – деген президент өз пікірінде.

Бұдан кейін сөз алған Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бес жылдағы жұмысын тізбектеп берді. Оның сөзінше, бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге коронавирус індеті кедергі келтірген. «Әдебиетті дамытуға атсалысудың орнына пандемия болған екі жылда індетпен ауырып, көз жұмған қаламгерлерді жерлеу рәсімімен айналысып кеттік» деді ол.
Айтпақшы, баяндамасының соңында Ұлықбек Есдәулет төрағалыққа кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді. "Төрағалықтан кетсем де, одақтан кетпеймін", – деді ол сөзінің соңында.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті