18 Қазан 12:51
...

Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кетуден бас тартты

Фото:

Британ премьер-министрі Лиз Трасс өзіне бағытталған сынға қарамастан, жақын арада қызметінен кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Би-би-си телеарнасы. 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Ұлыбритания азаматтары оны мемлекет игілігі үшін жұмыс істейтін үміткер ретінде таңдаған. Сол себепті ол халықтың сенімін ақтауға ниетті. Ол келесі жалпы сайлауда Консервативті партияның көшбасшысы болып қала беретінін де атап өтті.

Трасс Ұлыбританияның қазір қиын күндерді бастан өткеріп жатқанын және енді бос сөзге уақыт өткізе алмайтынын ескертті. 

Ол әріптестеріне бағыттап, «өздеріне қажет нәрсені істеуі керек» деп баса айтты.

Сонымен қатар, Ұлыбритания премьер-министрі бұған дейінгі «қателіктер» үшін жауапкершілікті өз мойнына алғысы келетінін айтып, кешірім сұрады.

Лиз Трасс Британ премьер-министрі ретіндегі алғашқы айларында сынның астында қалған болатын. Арнайы сауалнамаға қатысқан 5000-ға жуық британ азаматының 51%-ы оның отставкаға кетуін талап еткен. Бұл оның экономиканы қолдау жоспарын орындамауымен байланысты. Салдары фунттың құлдырауына және корпоративтік табыс салығының өсуіне әкелді.

Тегтер: