USD
USD
USD

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Ұлыбритания парламентіндегі мәлімдемеге қатысты осы елдің Қазақстандағы елшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжілісте тілшілер Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына Қазақстанға қатысты санкциялар туралы сұрақ қойды.

«Ұлыбританияның парламентінде бір депутат сондай бір мәдімдеме жасаған. Біз Ресей мен Украина арасындағы қарама-қайшылықтарға тікелей қатысып отырған тарап емеспіз. Сондықтан аталған уәж бізге түсініксіз. Біз бүгін Ұлыбританияның елшісін ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырдық. Осы орайда ол бізге толық түсіндірме беруі тиіс», - деді Шахрат Нұрышев.

Осы орайда ол Қазақстан жағы барлық мемлекеттермен түсіндірме жұмысын жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрі де түрлі халықаралық платформаларда сөз сөйлеп жатыр», - деді Ш. Нұрышев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet

Павлодарда Президенттің ел болашағына қатысты кітабы сөз болды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

ҰҚК тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған өзбекстандық профессорға қатысты пікір білдірді

Икболжон Корабоев