USD
USD
USD

Ұлыбританиялық тұрғын 95 жасында үйленді

Уэльстік зейнеткер алғаш рет 95 жасында үйленген. Бұл туралы жергілікті Wales Online басылымы жазды. Әйелі күйеуінен 11 жас кіші, олар 23 жыл бұрын кездескен, - деп хабарлайды tengrinews.kz. 

Ұлыбританиялық тұрғын 95 жасында үйленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Неке қию рәсімі шіркеуде өткен. Онда 1999 жылы Джулиан Мойл алғаш рет Валери Уильямспен кездескен. Қалыңдықтың сөзінше, бұл жайт бір күні боларына сенбеген, бірақ қазір төбесі көкке жеткендей әсерде екен. 

"Бұған әлі сене алмаймын", - деді Валери.

Джулианнан 95 жасында үйлену қалай екенін сұрағанда, ер адам бұл оқиға жаңа жылды еске түсіретінін, өмірі жаңа парақтан басталғандай әсерде екенін айтқан.

"Валери өте мейірімді және жомарт", - деді Мойл әйелі туралы.

Жұбайлардың айтуынша, олар бал айын Джулианның отаны Аустралияда өткізуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес