USD
USD
USD

Ұлыбританияда маймыл шешегіне қарсы дәрі табылды

Халықаралық зерттеушілер тобы Ұлыбританиядағы дәрігерлер маймыл ауруын жұқтырудың бір жағдайын адамның шешек ауруына қарсы дәрі – текомвириматпен сәтті емдегенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлыбританияда маймыл шешегіне қарсы дәрі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ғалымдардың қорытындысы Lancet басылымындағы мақалада жарияланған. «Әріптестеріміз маймыл шешегі індетінің қайдан шыққанын және вирустың қалай таралатынын анықтап жатқанда бізді бұрын бұл аурумен күресу үшін қандай препараттар қолданылғаны қызықтырды», - дейді Ливерпуль (Ұлыбритания) университеттің зерттеушісі Хью Адлер журналға берген сұхбатында.

Ғалымдар жасаған анализ бойынша, емдеуші дәрігерлер ауруды вирусқа қарсы екі препарат –бринцидофовир және текомвириматпен басуға тырысқан. Біріншісі желшешекпен күресу үшін шығарылса, екіншісі — адамның шешек вирусының көбеюін басатын әлемдегі алғашқы дәрі.

Кейінгі бақылау көрсеткендей, бринцидофовир пациенттерге айтарлықтай жеңілдік әкелмеді. Сонымен қатар, оны қабылдау адамның бауырына ауыр болғандықтан терапия тоқтатылды.

Ал текомвиримат кері әсер тудырмады. Бұл дәрі-дәрмекті қабылдаған пациенттің денсаулығы жақсарып қалған. Адлер мен оның әріптестерінің айтуынша, мұндай бақылау нәтижесі бұл препаратты маймыл вирусымен күресу үшін қолдануға болатынын көрсетеді.

Ғалымдар кейінгі эксперименттер мен бақылаулардың бұл гипотезаны растайтынына үмітті.

Сәуір-мамыр айларында бірқатар Батыс Еуропа елдерінде тараған маймыл індеті басқа континенттерде де анықталған. Ұлыбританиядан басқа жұқтыру фактілері Австралия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Канада, Португалия, АҚШ, Франция, Швейцария және Швецияда тіркелді.

 

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес