Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлыбританияда көшеге шығуға рұқсат етілді

 Әлем елдері карантин тәртібін кезең-кезеңімен жеңілдетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда, қалыпты тіршілікке көшу бірқатар ел билігін қайта әбігерге салды.

Ұлыбританияда көшеге шығуға рұқсат етілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлыбританияда қоғамдық көлік қолданушылар саны артып, биліктің арақашықтықты сақтау талабы орындалмай жатыр. Бұған дейін тұрғындар сыртқа күніне тек бір мәрте және бір сағатқа ғана шыға алатын еді. Енді жерасты метросына сұраныс артқан. Бұған дейін ел премьері Борис Джонсон тұрғындарды қоғамдық көлікті қолданбауға шақырған-ды. Ұсыныс бойынша жұмыс орнына жаяу немесе велосипедпен бару керек. Дегенмен, Біріккен Корольдікте қазір жұмыссыздық деңгейі өскен. Сондықтан тұрғындар қоғамдық көліктегі қауіпке қарамастан, жұмысқа жаппай оралып жатыр.

Ұлыбританияның Қаржы министрі Риши Сунак: "Қазір 7,5 миллионнан астам адамның жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Шұғыл шара қабылдамасақ, ол орындарды қайта аша алмаймыз. Бүгінге дейін жабылуға шақ тұрған миллион шағын кәсіп иелеріне қолдау көрсеттік" дейді.

Ал, коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында тұрған АҚШ тарапы Ресейдің көмегінен бас тартпақ. Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаты Мәскеудің көмек ретінде жолдаған жасанды желдетуге арналған аппараттарын қайтарып бермек. Оған аруханада шыққан өрт себеп болған. Кеше ғана Санкт-Петербургтағы Әулие Георгия ауруханасында «Авента – М» аппаратының тұйықталуынан өрт шығып, бес адам қаза тапқан еді. Ажал құшқан науқастардың барлығы дерлік өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған болып шықты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА