Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлыбританияда коронавирустың екінші толқыны басталып кетті

 Ғалымдар Еуропада коронавирустың екінші толқынын болжаудың математикалық моделін құрды. Әр елге жеке-жеке болжам жасалған.

Ұлыбританияда коронавирустың екінші толқыны басталып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандардың топшылауынша, Кәрі құрлықта індеттің екінші толқынының шарықтау шегі келесі жылдың қаңтарына дейін жалғасуы мүмкін. Сондай-ақ деректер саны бірінші толқынмен салыстырғанда көбірек болады деген болжам бар.

Ұлыбритания билігі коронавирустың екінші толқыны басталғанын ресми түрде жария етті. Өзге елдер секілді Ұлыбритания билігінің де коронавирустың екінші толқынына дайындалғаны белгілі. Алайда соған қарамастан, Корольдік қазір үлкен қиындыққа тап болды. Мұнда тест тапшы. Тексеруге жазылатын электрондық жүйеге шамадан көп тапсырыс түскен. Салдарынан тұрғындар кезегін бірнеше күн күтуге мәжбүр. Cоңғы деректер бойынша қазір тестке деген сұраныс өндіріс көлемінен 4 есе асып кеткен. Халық «бәріне үкімет кінәлі» дейді. Ал билік бұл мәселе жақын арада шешілетінін айтады. «Яғни, тест санын арттырамыз», - дейді. Сөйтіп, қазанда күніне 500 мыңға дейін тексеру жүргізілуі тиіс.

Қалай дегенмен, 8 миллион бала қайтадан мектепке оралды. Олармен үйде отырған ата-аналары да жұмысқа шықты. Сондықтан жағдай осылай болатыны әуелден-ақ түсінікті еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу