Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлыбританияда карантин қайта күшейтіліп жатыр

Ұлыбританияның Лестер қаласында карантин режімі қайта күшейтіліп жатыр. Бұған коронавирустың өршуі себеп. Соңғы екі аптада шаһарда 900-ге жуық жаңа дерек тіркелген.

Ұлыбританияда карантин қайта күшейтіліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша 350 мыңдай тұрғыны бар қалада вирус жұқтырғандар саны 3 мыңға таяп қалды. Жаңа ережелерге сай, бүгіннен бастап азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа барлық сауда орындары жабылды. Ал бірер күннен кейін мектептерде сабақ тоқтатылады. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнок тұрғындарды аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға шақырды. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок: "Біз шектеу шараларының орындалуын жіті қадағалаймыз. Қажет болса, талаптарды күшейтеміз. Сақтық шаралары орындалса, індетке тосқауыл қойылып, Лестердегі қала тіршілігі қайта жанданады. Қабылданған шаралардың тиімділігін бақылап отырамыз. Екі аптадан соң талаптарды жеңілдете аламыз ба, жоқ па, соны шешеміз", - деді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА