Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлыбританияда екінші рет локдаун жарияланды

 Англияда бір жылда екінші рет қатарынан коронавирусқа байланысты жалпыұлттық локдаун жарияланып отыр.

Ұлыбританияда екінші рет локдаун жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдағы бейсенбіден бастап, мұнда үйден нақты бір себепсіз шығуға тыйым салынады. Ұлыбритания үкіметі 5 қарашадан 2 желтоқсанға дейін карантин енгізу туралы шешім шығарды. Ол тек Англия аумағында жарияланып отыр. Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияның өздеріне тиесілі шектеулері бөлек. Локдаун енгізудің басты себебі ауруханаға түсіп жатқан науқастарға дәрігерлер ем-дом көрсетіп, үлгірмей жатыр. Наурыз айындағы локдауннан айырмашылығы мектептер мен университеттер жұмыс істей береді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа нысандар уақытша жабылады. 

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон: "Барлар мен мейрамханалар жабылуы тиіс. Олар тек үйге жеткізіп беру қызметін ұсына алады. Құрылыс пен өндірісте еңбек ететіндер ғана жұмысқа барып, басқалары үйден жұмыс істеу керек" деді.

Үкімет карантин соңына дейін еңбекақысыз қалғандарға жалақыларының 80%-ін төлеуді жалғастырады. Егер жағдай түзелсе, локдауннан кейін британиялықтар 25 желтоқсанда тойланатын Католиктердің рождествосын отбасыларымен бірге атап өтпек. Лондондықтардың көпшілігі бұл жаңалықты түсіністікпен қабылдады. Айта кетейік, Ұлыбритания COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша Еуропада көш бастап тұр. Жаңа локдаун індеттің ілмегіне ілінгендердің саны бір миллионнан асқан күні жарияланды. Біріккен Корольдікте бүгінге дейін коронавирустан барлығы 46 мыңнан астам адам қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова