USD
USD
USD

Ұлыбританияда өкпе ісігіне қарсы вакцина сынағы басталды

Ұлыбританияда өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын науқасқа ауруды емдеу тәсілін түбегейлі өзгерте алатын жаңа терапия қолданылып көрді. Мұнда белгілі бір пациенттің иммундық жүйесін қатерлі ісік жасушаларын жою арқылы аурумен күресуге үйрететін жеке вакцина сыннан өткізілді. Бұл туралы BBC хабарлады.

вакцина
Фото: ВВС, Януш Рач

 

Алматы, NEGE.Вакцина жұмысының принципі АҚШ-та Covid-19 пандемиясы кезінде алғаш рет сәтті сыналған РНҚ технологиясына негізделген. Кез келген препараттың клиникалық сынақтарының бірінші кезеңі әрқашан пациенттер үшін препараттың қауіпсіздігін тексереді. 67 жастағы Януш Рач жаңа вакцинаны өз еркімен сынақтан өткізуге келісті.

Жалпы алғанда, Януш Рач сияқты 130 ерікті жинау жоспарланған. Жеті елдің аумағында 30-дан астам зерттеу орталықтары бақылау жүргізеді. Олардың қатарында Лондон университетінің колледжі (UCL) де бар.

Вакцина пациенттің иммундық жүйесін нақты немен күресу керектігін анықтайтын өкпенің қатерлі ісігі жасушаларынан табылған бірнеше генетикалық маркерлер туралы ақпаратты қамтиды.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова