USD
USD
USD

Ұлыбритания суперкомпьютер жасау үшін 1,6 миллиард доллар бөлді

Ұлыбритания үкіметі ауа-райын болжаудың дәлдігін жақсартатын  суперкомпьютер жасауға 1,2 миллиард фунт стерлинг (1,6 миллиард доллар) қаржы бөлді. Бұл туралы Ұлыбританияның Іскерлік, энергетика және өнеркәсіп стратегиясы министрлігі хабарлады.

Ұлыбритания суперкомпьютер жасау үшін 1,6 миллиард доллар бөлді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Британдық метеорологиялық қызметтің атқарушы директоры Пенни Ендерсби: «Соңғы технологиялардың арқасында, климаттың өзгеруі кезеңінде ауа-райын дәл және уақтылы болжау – өте маңызды», - деп түсіндірді. Суперкомпьютер 2022 жылға қарай дайын болады деп күтілуде. Мамандар бұл дауыл мен су тасқыны салдарынан туындайтын шығынды азайтуға көмектеседі деп үміттенеді.

Financial Times газетінің хабарлауынша, суперкомпьютер жасау – Ұлыбритания билігінің жаһандық жылынуға қарсы жоспарының бір бөлігі. Жалпы, мұндай жобаның қолға алынатыны туралы ақпараттар «Дэннис» дауылынан кейін айтыла бастаған. Ал дауыл кезінде 5 адам қайтыс болып, жүздеген әуе рейстері кейінге шегерілген еді. Тіпті теміржол қатынасы да уақытша тоқтаған.

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.