Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлыбритания премьері жансақтау бөлімінде жатыр

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайы нашарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұлыбритания премьері жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, ол қазір интенсив терапия палатасына ауыстырылды. Үкімет канцеляриясының ресми өкілінің айтуынша, Борис Джонсон жексенбіден бері дәрігерлердің бақылауында. Себебі оның дене қызуы әлі күнге дейін түспеген, ал жөтелі кетпеген.

"Түстен кейін премьер-министрдің жағдайы нашарларды. Дәрігерлер оны интенсив палатаға ауыстырды. Оған барлық көмек көрсетіліп жатыр, премьер-министр денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына алғыс айтып жатыр", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, премьер-министрдің орнына ол қызметке уақытша сыртқы істер министрі келетіні айтылады. Еске салайық, мұның алдында Ұлыбритания премьерінің тыныс алдыру аппаратына қосылғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Ұлыбританияда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 3802-ге жеткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА