USD
USD
USD

Ұлыбритания королі таққа отырды

Лондондағы Вестминстер аббаттығында Британия монархы ІІІ Карл мен жұбайы Камиллаға тәж кигізу рәсімі өтті, деп хабарлады 

Ұлыбритания королі таққа отырды
Фото: NEGE.kz

Euronews.

Алматы, NEGE. Тәж кигізу рәсімі ІІІ Карлдың анасы, патшайым ІІ Елизавета қайтыс болғаннан кейін 8 ай өткенде атқарылып отыр. Вестминстер аббаттығында өткен салтанатты шарада Қасиетті Эдуардтың таза алтыннан құйылып, рубин тастармен безендірілген тәжін 74 жастағы Карлдың басына Кентербери архиепископі кигізді.

Тақ мұрагері, Уэльс ханзадасы Уильям әкесінің алдында тізе бүгіп, адалдығын білдірді.

ІІІ Карлдың екінші әйелі 75 жастағы Камиллаға да салтанатты түрде тәж кигізілді.

Корольдік әскерінің жүздеген қызметшісі қатысқан салтанатты шеру Букингем сарайынан басталып, Трафальгар алаңы мен Даунинг көшесінің жанынан өтіп, Вестминстер аббатығына дейін жалғасты. Мұнан соң шерушілер сол 2 шақырым жолмен кері қайтты.

Сіркіреп жауып тұрған жаңбыр миллиондаған британдықтар мен туристерге кедергі болмады. Олар осы оқиғаны көзбен көру үшін Лондонға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе