USD
USD
USD

Ұлыбритания халқы неге дүрлікті?

Карантин күшеюіне байланысты Лондон тұрғындары қаладан жаппай кетіп жатыр, – деп хабарлайды 

Ұлыбритания халқы неге дүрлікті?
Фото: NEGE.kz

Daily Mail.

Алматы, NEGE. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның коронавирус пандемиясына байланысты карантин талабын күшейту туралы мәлімдемесінен кейін қала тұрғындары чемодандарын жинап, Лондон мен оған жақын аудандарға кете бастаған.

Вокзалдар мен әуежайларда көптеген адам жиналған. Ал көшелерде көлік кептелісі пайда болған. Себебі, 20 желтоқсан түнде қалада карантин талабы күшейеді. Осыған байланысты тұрғындар қаладан кетуге асығып жатыр.

Билік тұрғындарға үйінен шықпауға кеңес берген. Соныман қатар, оларға Рождествода достарымен және көршілерімен кездесуге тыйым салынады.

«Қабырға құлап, кейбір адамдар одан қашып жатқан сияқты. Бұл жағдай осыған ұқсайды. Рождествоны дұрыс атап өту үшін тұрғындар қаладан кетуге асығып жатыр. Мен Лондоннан Ливерпульге жету үшін көлік жалдайтын адамдар туралы естідім. Себебі, көптеген пойызда орын жоқ немесе ол алдын ала брондалып қойған», – дейді автомобиль қауымдастығының президенті Эдмунд Кинг.

Сарапшылардың пікірінше, вагондарда адамның көп болуына байланысты онда арақашықтықты сақтау мүмкін емес. Лондоннан баратын кейбір маршруттар алынып тасталған.

Ұлыбритания астанасының орталық көшелерінде көптеген адамды көруге болады. Өйткені, тұрғындар дүкендер жабылғанға дейін Рождество сыйлығын алу үшін жанталасып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлыбритания ғалымдары елде коронавирус мутацияға ұшырап, ауру жылдам таралып жатқанын растаған еді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия