USD
USD
USD

Ұлыбритания Еуроодақтан шықты

Ұлыбритания 47 жылдан соң Еуроодақтан ресми түрде шықты, деп хабарлайды РИА Новости.

Ұлыбритания Еуроодақтан шықты
Фото: NEGE.kz

31 қаңтарда сағат 23.00-де үш жарым жылдан соң, британиялықтардың 51,89 пайызы Brexit үшін дауыс беріп, Біріккен Корольдік ЕО-дан шықты.

2020 жылдың желтоқсан айының соңына дейін өтпелі кезең аяқталғанша ешқандай нақты өзгерістер болмайды. Жыл бойы ЕО мен Ұлыбритания өзара болашақ қарым-қатынастары туралы келіссөздер жүргізеді. Премьер-министр Борис Джонсон еркін сауда туралы «амбициялық» келісімге қол жеткізу, сондай-ақ бірқатар салаларда, ең алдымен қауіпсіздік пен барлау саласында тығыз ынтымақтастықты сақтау туралы уағдаласу ниетін мәлімдеді.

Ал Ұлыбритания мен ЕО арасындағы келіссөздер сәтсіз болған жағдайда, елде Brexit-тің тиімсіз болжамдары орындалуы мүмкін: ДСҰ тарифтерін енгізу, бағалардың күрт өсуі, шекарадағы жүк көліктерінің кезегі, дәрі-дәрмектер мен Еуропалық өнімдердің тапшылығы. Қазіргі уақытта Ұлыбритания мен ЕО келіссөздерге дайын екені байқалады.

Құрама Корольдікке биыл өзінің жаңа иммиграциялық саясатын пысықтап, ЕО-ға кірмейтін елдермен сауда келіссөздерін бастау қажет. Үкімет бұған дейін үш жыл ішінде сауда айналымының 80 пайызы еркін сауда туралы келісіммен аяқталады деп есептейтінін хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.