USD
USD
USD

Ұлыбритания Еуроодақтан қашан шығады?

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ парламент қабылдаған Еуроодақтан шығу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат заң ретінде күшіне енді.

Ұлыбритания Еуроодақтан қашан шығады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен, Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қаңтар Лондон уақытымен сағат 23:00-де шығады.

Ұлыбритания Брексит туралы референдум өткеннен кейін 3,5 жылдан соң Еуропа Одағынан шығайын деп отыр. Британ парламенті Еуроодақпен келісімді мақұлдаудан бас тартқандықтан Брекситтің мерзімі үш рет шегерілді. Өткен жылы премьер-министр болып сайланған Борис Джонсон Еуроодақпен жаңа келісім жасасты, ізінше кезектен тыс парламент сайлауы болып, онда жеңіске жетті. 

Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін аралық кезең басталады. Ол 2020 жылы 31 желтоқсанға дейін созылады. Осы уақыт аралығында Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында жаңа сауда келісімі жасалуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт