USD
USD
USD

Ұлыбританияда дәрігерлер үшінші күн қатарынан ереуілдетіп жатыр

 Ұлыбританияда үшінші күн қатарынан кіші санаттағы дәрігерлер ереуілдетіп жатыр.

Ұлыбританияда дәрігерлер үшінші күн қатарынан ереуілдетіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Егер үкімет жалақыны көтермесе, олар жаз бойы жұмысқа шықпауға бекініп отыр.  Бұған дейін болған наразылықтар кезінде 200 мыңға жуық науқас ем-домсыз қалғаны белгілі. Кәсіподақ ұйымының мүшелері үкіметтің ұсынған 5 пайыздық үстемеақысы мардымсыз деп мәлімдеді.

Ұлыбританияда кіші санаттағы дәрігер деп медициналық оқу орнын бітірген және 5 жылдан кейін дәрігер болуға талаптанып жүрген мамандарды айтады. Олар ұлттық денсаулық сақтау қызметінің шамамен 45 пайызын құрайды.

«Жалақымызды 35 пайызға көтеруді талап етеміз. Бір мезетте емес, кезең-кезеңімен өсірсін. Өйткені соңғы 15 жыл көлемінде табысымыз инфляцияға ілесе алмай келеді», - дейді Кәсіподақ ұйымының өкілі Суми Маниражан.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар