Ұлыбритания Lukoil International компаниясын санкциялар тізімінен шығарды
Ұлыбритания үкіметі «Лукойлдың» шетелдік активтеріне ие құрылым Lukoil International GmbH компаниясына жалпы лицензия берді.
Астана, NEGE. Бұл туралы Ұлыбритания Қаржы министрлігіне қарасты санкцияларды іске асыру басқармасының (OFSI) хабарламасында айтылған.
Компаниямен операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін лицензия 2026 жылдың 26 ақпанына дейін күшінде болады, деп жазады Forbes.kz.
Лицензия мәтініне сәйкес, Lukoil International немесе оның еншілес компанияларына арналған қаражат, егер компанияны әлі де «Лукойл» ААҚ бақылап отырса, «мұздатылған» шотқа түсуі тиіс. Тек бақылау алынғаннан кейін ғана бұл қаражатты пайдалануға болады.
Сонымен бірге лицензия Ұлыбританияның қаржы ұйымдарына рұқсат етілген операциялар аясында төлемдерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, корольдік билігі лицензияны кез келген уақытта кері қайтарып алу құқығын өзінде қалдырды.
Айта кетейік, Ұлыбритания мен АҚШ «Лукойлды» қазан айында өздерінің санкциялық тізімдеріне енгізген болатын.
Қазір оқып жатыр
«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сарапшылар нені ерекше атап өтті?
Ташкентте 578 мың долларлық заңсыз криптосауда жасады деген 17 жастағы жасөспірім ұсталды
КҚК терминалында мұнай тиеу тоқтатылып, Қазақстанда өндіріс көлемі уақытша азайды
«ВНЖ-мен мәселесі болған»:Украиналық комик Сабуров туралы пікір білдірді