USD
USD
USD

Ұлыбритания королі қатерлі ісікке шалдықты

Ұлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік анықталды. Ем қабылдау үшін қоғамдық міндеттерін атқаруды уақытша тоқтатады. Сол себепті Букингем сарайы ресми мәлімдеме жасады. 

III Чарльз
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Букингем сарайы бұл уақытша екенін айтты. III Чарльз ресми құжаттарды қарауды және үкімет істеріне қатысуды жалғастырады.

«Талдау нәтижелерінен қатерлі ісік анықталды. Кароль бүгін ем алуды бастады. сол себепті дәрігерлер оған мемлекеттік міндеттерді кейінге қалдыруға кеңес берді. Бірақ ол әдеттегідей мемлекеттік істер мен ресми құжаттамаға қатысуды жалғастырады», - деп хабарлады Букингем сарайы.

Бір апта бұрын 75 жастағы III Чарльз қуық безін емлеп, кейін Лондон ауруханасынан шығарылған. Сарай аурудың қай сатыда екенін айтпады, бірақ қатерлі ісік алдыңғы ота кезінде анықталғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті