USD
USD
USD

Ұлыбритания АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққыларын қолдады

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер АҚШ-тың Ирандағы ядролық инфрақұрылымға қарсы әскери әрекеттерін қолдайтынын мәлімдеді. Ол Иранның ядролық бағдарламасы жаһандық қауіпсіздікке төнетін елеулі қатер екенін атап өтті.

сайлау
Фото: ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Стармер өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында Иранның ядролық қару жасауына жол беруге болмайтынын, ал АҚШ-тың әрекеті бұл қатердің алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

«Иранның ядролық бағдарламасы – халықаралық қауіпсіздікке үлкен қауіп. Иран ешқашан ядролық қару жасауға мүмкіндік алмауы тиіс. АҚШ бұл қатерді жою үшін тиісті шаралар қабылдады», – деп жазды Ұлыбритания үкіметінің басшысы.

Кир Стармер Таяу Шығыстағы ахуалдың тұрақсыз екенін айтып, Иран билігін дипломатиялық келіссөздерге қайта оралуға үндеді.

«Аймақтағы жағдай әлі де тұрақсыз. Бұл тұрақсыздықты тоқтату – басты басымдық. Біз Иранды келіссөздер үстеліне оралып, дағдарысты бейбіт жолмен шешуге шақырамыз», – деді премьер-министр.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания АҚШ-тың әуе шабуылдарына тікелей қатыспаған, алайда Кир Стармер операцияның басталар алдында бұл жоспар туралы алдын ала хабардар болған.

Дайындаған Бердібек Рауан

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі