USD
USD
USD

Ұлы Жеңіс құрметіне флешмоб

Алматы әкімдігі Абай атындағы опера және балет театрымен бірлесіп, соғыс жылдарындағы әндерді балконнан орындау флешмобын іске қосты.

Ұлы Жеңіс құрметіне флешмоб
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы әкімдігі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрымен бірлесіп, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бірқатар мәдени іс-шаралар өткізеді. Бұл ретте барлық іс-шара елдегі төтенше жағдай режимін ескере отырып,  адамдардың жаппай жиналуынсыз өтеді.

9 мамыр қарсаңында әскери әндерді тұрғын үйлердің балкондарында тұрып орындау флешмобы іске қосылды. Барлық концерттік нөмірлер бейнекадрға түсіріліп, одан әрі әлеуметтік желілерге орналастыру үшін фильм-концертке біріктіріледі.

Концертке театрдың жетекші солистері қатысады:

– халықаралық конкурстардың лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының вокалдан дәріс беретін оқытушысы Айдос Жабағин "Жеңіс күні" әнін орындады;

– Абай театрының солисі Дулат Тоқанов сахналас әріптестерімен бірге "В бой идут одни "старики" фильмінен "Смуглянка" әнін шырқады»;

– солист Ләззат Бірімғазина бірнеше ұрпаққа жалғасып келе жатқан "Катюша" әнін қазақ және орыс тілдерінде орындады.

Қазір оқып жатыр

«Қауіпті қылмыстық топ мүшелері атып кетті»: Жамбыл облысында жас жігіт оққа ұшты

Ахмет Дүкенбай

Алматыдағы колониялардың бірінде екі адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады

сотталған

140 мың адамның аты пайдаланылған: МӘМС-тегі ірі схема әшкереленді

ҚМА

1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі қымбаттады

темекі