12 Ақпан 10:21
...

Ұлы ақынның мерейтойы Түркияда тойланды

Фото:

Түркияда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында салтанатты шара ұйымдастырылды.

Ұлы ақынның шығармашылығына арналған кешке түріктің белді саясаткерлері, қоғам қайраткерлері мен елде тіркелген дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. Салтанатты шара халықаралық түркі мәдениеті ұйымы - еліміздің мәдениет және спорт министрлігі, Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Түрік радио - теледидар мекемесінің қолдауымен жүзеге асты. Түбі бір түркі жұртының танымал жұлдыздары мен әншілері Түркия Республикасы президенттік симфониялық оркестрімен Абайдың танымал романстарын орындады. Еліміздің Зарина Алтынбаева, Шахимардан Абилов, Раушан Бескемпірова, Талғат Мұсабаев, Клара Төленбаева сынды әншілері «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін ерекше ықыласпен шырқады. Түрік көрермені ұлы ақынның шығармаларын ерекше ықыласпен тыңдады.

Тегтер: