17 Наурыз 13:00
...

Ұлы адамдар жайлы фильм

Фото:

Тарихты адамдар өздері жасайды. Аты аңызға айналған ұлт көшбасшылары, физиканы қарапайым оқырманға қолжетімді еткен ғалымдар немесе дарынды музыканттар жайлы түсірілген фильмдер осының тағы бір айғағы. Ұсынылған топтамада тарихтың ажырамас бөлшегіне айналған қайталанбас тұлғалармен бірге саяхат жасауды ұсынамыз.

«Әміре» - Францияны ерекше даусымен мойындатқан, күміс көмей, жез таңдай әншінің өмірін баяндайды. Шынайы оқиға негізінде түсірілген. Парижде өткен 1925 жылғы «ЭКСПО» көрмесінде Әміре Қашаубаевтың ғажап орындауын көрген әлем халқы жоғары бағасын берді. Ерекше дауыс иесінің тағдыры жеңіл болмады, оның Мұстафа Шоқаймен байланысынан күдіктенгендер үнемі оларды аңдып отырды. Өмір жолында кездескен қиындықтарға қарамастан, Әміре Қашаубаевтың қайталанбас өнерін әлем таныды. «Әміре» фильмі «Hollywood Film Festiva»l кинофестивалінде бірінші орын жеңіп алды.«Ганди»  - шындық үшін бейбіт жолмен күресу керектігін баяндайтын фильм. Ганди туылған кезде Үндістан Британ империясының қарамағында болды, бірақ ол дүниеден өткен кезде Үндістан азат елге айналды. Ол бүкіл өмірін өз армандарын іске асыруға арнады және осы жолда қолынан келгеннің бәрін жасады. Ганди Үндістанды Ұлыбританиядан азат ету үшін күрескен тұлға. Фильм «Оскардың» 8 мүсінімен марапатталған.

«Күңгірт кезеңдер / Тёмные времена» - күңгірт кезеңдерде де өз елімен бірге болған ұлт көшбасшысы жайлы оқиға. Өзіне және саясатына ешкім сенбеген тұста, Черчилль халық берілмейінше, өз Отаны үшін соңына дейін күресетінін дәлелдеді. Фильм «Оскардың» 2 мүсінімен марапатталған.

«Агора» - Гипатия ареометрді ойлап тапты, ол сұйықтық тығыздығын өлшейтін құрылғы болып саналады. Б.з. 391 жылы Александриядағы христиандықтардың қалыптасу кезеңі философ, астроном, математик Гипатия Александрийский үшін қиын кезеңдердің біріне айналады. Христиандықтар бейбіт жолды таңдамады, бірақ фильмде бастысы бұл емес, маңыздысы мыңдаған жыл өткен соң да адамдар өзгерген жоқ және бұл картинадағы Гипатияның оқиғасы осының дәлелі.

«Стивен Хокингтің әлемі /Вселенная Стивена Хокинга» - туынды Джен Хокингтің «Мәңгілікке саяхат: Менің Стивенмен бірге өткен өмірім» атты кітабының желісімен түсірілді. Бұл фильм 20 жасында Лу Гериг ауруына ұшырап, күрделі диагноз қойылған аты аңызға айналған физик Стивен Хокинг туралы әңгімелейді. Стивен жұмыс істеуді, шынайы жақсы көруді, өмір сүруді бірінші орынға қойды. Нәтижесінде барлығына үлгі болар тұлғаға айналды. Оның өмірі мен тәжірибесі қандай ауыртпалық келсе де өз мақсатыңнан таймау керектігін көрсетті. Аты аталған фильм «Оскар» мүсінімен марапатталды.

«Сельма» - «Оскар» мүсінімен марапатталды. Бұл фильмде 60-шы жылдардың оқиғасының дәл берілгені соншалық, сіз, тіпті, Мартин Лютер Кингтің тыңдаушысына қалай айналғаныңызды да байқамай қаласыз. Миллиондарды шабыттандырған сөздер қазір де өз маңызын жойған емес.

 

Тегтер: