USD
USD
USD

Үлестік қатысу шарттарын электронды түрде жасауға болады

Мәжіліс құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Тұрғын үй
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң жобасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Түзетулер аясында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттарын электронды форматта жасау мүмкіндігі және басқа да шаралар қарастырылған. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар шарттарды бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы есепке алуға міндетті болады.

Бұдан бөлек, құрылыс компанияларына қойылатын талаптар оның тұрғын үй құрылысы нарығындағы жұмыс тәжірибесіне сәйкес төмендетіледі. Бұл норма құрылысшылардың үлестік қатысу механизмдеріне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

Қаржылық есептілікті ақпараттық жүйелер арқылы ұсыну міндеттеледі. Сонымен қатар инжиниринг компаниялары үлестік тұрғын үй құрылысының барысы бойынша мониторинг нәтижелері туралы есепті ай сайын жергілікті атқарушы органға ақпараттық жүйелер арқылы ұсынуға міндетті болады.

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев